Тараздағы «сақалды» құрылыстың бірінен оқушының мәйіті табылды. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім жоғарғы қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жергілікті жұртшылық қайғылы оқиға болған ғимаратта осымен бір емес, бірнеше рет өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді деп үрейленіп отыр. Ал оқушыны мұндай әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Құзырлы органдар заң аясында тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті.
– Жасөспірімнің Қаратай Тұрысов көшесінде орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттан секіргені анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі, яғни кәмелетке толмаған адамның өз-өзіне өлтіруге дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот медициналық сараптамалары тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодестік процестің 20-бабына сәйкес өзге де мән жайлар жария етуге жатпайды, – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.