Алматыда студенттер Қостанайдағы табиғи апаттан зардап шеккендерге қол ұшын созбақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жастар ел басына күн туған шақта жұмыла бірігіп, жағдайға бей-жай қарай алмағандарын айтады. Сондықтан олар оқу ордасы ішінен гуманитарлық көмек көрсететін пункт ашқан. Қайырымдылыққа ұстаздар қауымы да қатысуға ниет білдіріпті. Олардың айтуынша, жиналған азық-түлік пен киім-кешек күн сайын Қостанайға аттанатын жүк көліктеріне жеткізіліп отырмақ. Белсенді жастар шара бір күнмен шектелмейді деп отыр.
«Қостанайда болып жатқан жағдайға байланысты жаңалықтардан естіп барлығымыз көріп, осылай кішігірім көмек қорын ұйымдастырып жатыр. Біздің көмек қорында азық-түлік, киім кешек, онымен қатар тұрмысқа керек заттар жинақталып жатыр. Бұл көріп отырғандай аз мөлшердегі, онымен қатар тағы да толықтыратын болады», – деді Алматы энергетика және байланыс университеті департамент басшысының орынбасары Елікбай Каби.