Барлық күш жұмылдырылды
Павлодар облысында шұңқырға түсіп кеткен автобусқа жақындаған сайын оны шығарып алу қиындап жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, жер астында бос кеңістіктер болғандықтан, автобус тереңірек түсіп кетуі мүмкін.
Еске салайық, бірнеше күн бұрын «Майқайыңалтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлап кеткен еді. Кейіннен екі құтқарушының қаза тапқаны анықталды. Ал қалған 2 адам мен жер жұтқан автобусты іздеу әлі де жалғасып жатыр.
– Автобусқа дейін 5 метрдей жол қалды, ол тегіс түсуі керек. Сондай-ақ бастысы – құтқарушылар мен қазба жұмыстарына тартылған адамдардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл оңай іс емес, қазір барлық күш жұмылдырылды. Автобустың нақты қашан табылатыны туралы болжам жасауға әлі ерте, – деді ҚР ТЖМ Сырым Шәріпханов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жеңіл көлік көлге батып кетті