Ақтөбеде жеңіл көлік көлге батып кетті
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Бір адам көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында «ВАЗ-2110» жеңіл көлігі Шалқар көліне батып кетті. Автокөлік салонындағы үш адамның екеуі жағаға өз күшімен шығып үлгергенімен, біреуінің денесін құтқарушылар тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 8 қаңтар күні сағат 15:52-де болған.
«1980 және 1971 жылы туған екі адам өз күшімен жағаға шықты. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Екеуі де медициналық көмекті қажет етпеді. Ал, 1972 жылы туған үшінші адам суға батып кетті. Құтқарушылар жолаушының денесін сағат 17:45-те алып шықты. Олар қамыс оруға шыққан. Көл үстінен өтіп бара жатқанда мұз ойылып кеткен», - деп жазды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
22.09.2026 13:00
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45