Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Оқиға орнынан 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 жасар бала көз жұмды. Бүлдіршін жанған заттардың иісінен уланып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенше анасы баласын өзі құтқармақ болған. Бүлдіршінді аман алып қалу үшін жедел жәрдем дәрігерлері де күресті. Бірақ бала жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

– Сағат 10:00 шамасында Жуков көшесі, 23 мекенжайындағы пәтерде өрт тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер бірден тілсіз жауды сөндіруге кіріскен. Олар дәрігерлерге баланы тапсырды, – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Назымбек Елемесов.

Оқи отырыңыз: Қандала емес, балалар уланды: Ақтауда қос білдіршін көз жұмды

Новости партнеров