Астанада белгісіз ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасады

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Қалада соңғы 3 айда осындай 30-дан аса дерек тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада белгісіз ер адам 20 жастағы қызға шабуыл жасап, тонамақ болды. Қарақшылық оқиғасы қаладағы көпқабатты үйдің бірінде тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

29 жастағы жігіт подъезге қарай беттеп бара жатқан тұрғынның қолындағы сөмкесіне жармаса кеткен. Абырой болғанда жәбірленуші құтылып үлгеріпті. Бұрын сотты болған азаматтың әрекетін полиция әшкереледі. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қалада соңғы 3 айда осындай 30-дан аса дерек тіркеліпті.  

– Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Есіл» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол – бұрын сотталған 29 жастағы қала тұрғыны. Тінту кезінде одан ас үй пышағы табылды, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Гүлмира Шырахметова.

Оқи отырыңыз: Орындықта отырған әйелге тап берген жігіт, күш көрсетті (видео)

Новости партнеров