Жетісайда 3 жасар сәби қауынға себетін дәріден уланып өлді
Салдарынан баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін уланып көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қазыбек би ауылында тіркелген. 3 жасар қыз сусынның ыдысында тұрған улы дәріні ішіп, ауыр жағдайда аудандық аурухана түскен. Нәтижесінде баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған.
«Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан облыс орталығынан санитарлық авияациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог дәрігерлері шақыртылған. Алайда интенсивті терапия жасалғанына қарамастан бүлдіршіннің беті бері қарамады. Өкінішке орай, оны аман алып қала алмадық. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар жасалуда», – делінген хабарламада.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41