Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады
Рысқұлов-Бөкейханов жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
4 тамызда сағат 23:00-ден 6 тамызда сағат 11:00-ге дейін оңтүстік және солтүстік бағыттағы көпірде қозғалыс жабылады, сондай-ақ Бөкейханов көшесі бойындағы жолайрығының көпірге кірме жолының барлығы жабылады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервистерінде орналасқан.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына бұрылатын жол жабылады