“Құрбымның жанында болдым”: жоғалып кеткен көпбалалы ана табылды

35 жастағы әйел құрбысының үйінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

“Құрбымның жанында болдым” көпбалалы ана өзінің жоғалып кеткенін осылай түсіндірді,  деп хабарлайды Polisia.kz.  

Алатау аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, 35 жастағы әйел құрбысының үйінен, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай ауылында табылды.

“Табылған кезде әйел адам мас күйінде болды және жеті баласы туралы ойламаған сияқты. Неліктен, ол бес күн бойы жанұясына қоңырау шалмады деп сұрағанда, ол жай ғана: “телефоным сынып қалды” деп жауап берді. Бұл себеп емес, жауапсыз адамның қылығы. Бүкіл қауымдастық оған жанашырлық танытып, жақсы нәтиже күтіп отырған уақытта. Нағыз ана ешқашан балаларын тастамайды”, – деді Алматы қалалық полиция Департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров