Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктілердің 19 жастағы жергілікті тұрғындар екендігі анықталды
Алматы облысында ұрланған малды саудалаған үш жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Кеген ауданының полицейлері бірнеше рет бөтеннің қорасынан қой ұрлап, оны заңсыз саудалаумен айналысқан үш адамды ұстады. Кеген аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне түнгі уақытта сарайларынан белгісіз біреулердің қойларын ұрлайтыны туралы жергілікті тұрғындардан бірнеше арыз келіп түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктілердің 19 жастағы жергілікті тұрғындар екендігі анықталды.
Олар өз істерін толығымен мойындап, одан өзге бірнеше ұрлыққа қатысы барын да айтты. Топ мүшелерінің бірі өз қолымен әкесінің шаруа қожалығынан ұрлық жасауға көмектескен. Барымташылардың айтуынша, олар бұл іске ақша үшін барған.
Қойларды жергілікті тұрғындарға сатып, ақшаны бөліске салғаннан кейін, аталған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.