Алматыда қай көшелерде автокөліктер қозғалысы шектеледі

Almaty TV
Almaty TV

Жаңғырту жұмыстары кезінде аудандарда ыстық су үздіксіз қамтамасыз етіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Медеу және Түрксіб аудандарында бірнеше көшеде жылу желілерін қайта жаңғырту кезеңінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар:

 

  • 27 шілде сағат 05:00-ден 29 шілде сағат 09:00-ге дейін Құрманғазы мен Достық көшелерінің қиылысында екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады;
  • 26 шілде сағат 23:00-ден 28 шілде сағат22:00-ге дейін Жетісу-Жүргенев көшелерінің қиылысында екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады;
  • 26 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 09:00-ге дейін Бекмаханов көшесінің бойымен Орловская көшесінен Спасская көшесіне дейін қозғалыс екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады.

 

Жаңғырту жұмыстары кезінде аудандарда ыстық су үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Уақытша шектеу нормативті мерзімі өтіп кеткен құбыржолдарын жаңғырту учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Сонымен қатар қыста тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалмауы үшін апаттық жағдайдың туындау қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» сервистерінде орналастырылған.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Новости партнеров