Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен 5 жастағы қыз көз жұмды

31.08.2022 23:35

Оқыс оқиға 1 ай бұрын болған

Almaty.tv

Нұр-Сұлтанда 10-қабаттан құлап кеткен 5 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға 1 ай бұрын болған. Сол күні бүлдіршінді көршісі төменнен қағып алып құтқарып қалған еді. Алайда баланың өмірі ауруханада үзілді.

«Оған дәрігерлер тарапынан барлық көмек көрсетілді. Нейрохирургия бөлімінде ем алды. Өкінішке қарай,  14 тамызда алған жарақаттан көз жұмды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Раушан Арманқызы.