|
Jol
06.08.2024 | 19:13
2043

Алматыда Манас көшесімен жүру қиындайды

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыда Манас көшесімен жүру қиындайды elements.envato.com

Алматыда асфальт жабынының шөгуін жою жұмыстары жүргізіліп жатқанда Манас көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

2024 жылғы 7 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Алматы қаласының Алмалы ауданында Манас көшесі бойымен Абай даңғылынан Шевченко көшесіне қарай көліктердің қозғалысы қиындайды. Манас көшесінің тас жолының ортасында асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Уақытша шектеулер жоғарыда аталған көшенің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жылумен жабдықтау желілерінде асфальт жабынының анықталған шөгуін жою үшін енгізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Ғафу өтінеміз және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Оқи отырыңыз: Алматыда Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир