Жетісу облысында темір жолды кесіп өтпек болған жүргізушісі пойызға соғылды
Almaty.tv
Жол апаты салдарынан автомобильдегі 3 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ал Жетісу облысында темір жолды кесіп өтпек болған 68 жастағы көлік жүргізушісі жүйіткіген пойызға соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соққының қатты болғаны соншалық жеңіл автомобиль 20 метрдей алысқа ұшып түскен. Оқиға кеше таңғы уақытта Ескелді ауданында болған. Жол апаты салдарынан автомобильдегі 3 адам зардап шекті. Полиция жарақат алған жолушылар да, көлік жүргізушісі де тірі қалғанын мәлімдеді.
«Автокөлік салонындағы 3 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды. Полиция көлік жүргізушілерін автомобильді басқару кезінде мұқият болуға және жол ережесін қатаң сақтауға шақырады», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Нүпбаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35