|
09.09.2022 | 18:45
3687

Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатыр

Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі www.gov.kz

Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағат 21:00 мен 10 қыркүйек сағат 06:00 аралығында Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін, ал 10 қыркүйек сағат 21:00 мен 11 қыркүйек сағат 06:00 аралығында Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сонымен қатар Саин көшесінің Шығыс бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қыркүйек сағат 21:00 мен 11 қыркүйек сағат 06:00 аралығында Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы  ішінара шектеледі.

Сонымен қатар Саин көшесінің Шығыс бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 12-14 қыркүйек аралығында түнгі уақытта сағат 21:00 мен сағат 06:00 аралығында Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы  ішінара шектеледі.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Саина
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир