От қураған ағаштың жоғары вольтті электр желісіне құлауы салдарынан шыққан
Абай облысындағы орманда тағы да өрт шықты. Қызыл жалын түскі уақытта Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде тұтанған. Қызыл жалын шамамен 1,5 сағатта оқшауланды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал жауапты «Семей орманы» резерваты өкілдерінің мәлімдеуінше, от қураған ағаштың жоғары вольтті электр желісіне құлауы салдарынан шыққан.
Еске салсақ, бұл алқапта былтыр да өрт тұтанып, соңы алапат қызыл жалынға ұласқан еді. 60 мың гектар аумақтың күлі көкке ұшып, 15 адам опат болған.
– Оқиға орнына орман күзетінен 7 бірлік техника мен 11 адам шықты. Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 57 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 15:04-те 0,22 га аумақта оқшауланды, – деді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Алдоңғаров.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда өлген итбалықтар саны 182-ге жетті