|
02.06.2020 | 18:44
1087

Ірі мөлшерде ұрланған мүлік кәсіпорынға қайтарылды

Бір тәулік ішінде Қапшағай қаласының полицейлері ұрлық дерегін ашты

Ірі мөлшерде ұрланған мүлік кәсіпорынға қайтарылды polisia.kz

Алматы облысының полицейлері құны екі миллион теңгеден асатын ұрланған мүлікті тауып, заңды иесіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір тәулік ішінде Қапшағай қаласының полицейлері ұрлық дерегін ашып, ірі мөлшердегі ұрланған мүлікті кәсіпорынға қайтарып берді.

1 маусымда Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті ЖШС бірінің басшысы қымбат тұратын үш дәнекерлеу аппаратының ұрланғаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша тіркелді. Оқиға орнына жеткен жедел топ күдіктілердің өндірістік цехқа терезені қысу арқылы кіргенін анықтады.

«Қылмыстық үштіктің соңына тез түсе алдық. Күдіктілердің бірі аталған кәсіпорында сылаушы қызметін атқарған, Іле ауданының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қылмыстың ұйымдастырушы болған. Оның айтуынша, ол қылмысқа ағасының ақшалай қарызын шұғыл жабу үшін барған. Сақтау орнын және күзеттің әлсіздігін білген күдікті 38 жастағы ағасы мен оның құрдастарына, бала күнен келе жатқан досына «аталған іске» баруды ұсынған. Ұрланған аппараттарды досының көлігімен Іле ауданының 37 жастағы тұрғынына апарған. Күдіктілер азаматқа үш электр дәнекерлеу аппаратын сатып алуды ұсынған, алайда ол құжаттарсыз сатып алудан бас тартқан, себебі аппараттың төмен бағасы күдік тудырған. Сатушылар агрегаттардың ағайындарының біріне тиесілі екеніне сендіре отырып, құжаттарды алып келуге уәде берген», – деп хабарлайды Қапшағай қалалық Полиция бөлімінің басшысы Манат Айтмуханбетов.

Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа орналастырылды. Кәсіпорын басшылығы ұрланған мүлікті қайтаруда полицейлердің жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир