Арыста тағы өрт шықты

11.07.2019 в 23:46

Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 техника мен 55 маман жұмылдырылған

Бұл жолы қызыл жалын қалада орналасқан депо аумағындағы қоймадан шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 техника мен 55 маман жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, өрттен зардап шеккендер жоқ. Маңайдағы тұрғындарға да кесірі тимеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің тұтануы дәнекерлеуші аппаратты дұрыс қолданбағаннан болуы мүмкін. 

Қойманың шатыры 16:00 шамасында өртеніп басталған. Төтеншеліктер оқиға орнында өрт сөндіріп жатыр.