Полиция қызметкерлері «Лексус» автокөлігінде 3 адам, «Паджерода» 4 адам болғанын анықтады
Қостанай облысының полиция департаменті «Қостанай-Әулиекөл» тасжолындағы жол апатынан тағы бір адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция қызметкерлері «Лексус» автокөлігінде 3 адам, «Паджерода» 4 адам болғанын анықтады. Барлық жолаушы оқиға орнында мерт болды.
«Сондай-ақ «Лексус» көлігі Қостанайдан Нұр-Сұлтанға, ал «Паджеро» жүргізушісі облыс орталығына бара жатқаны белгілі болды» деп толықтырды полиция департаменті өкілдері.
Жол апатына қатысты денсаулық сақтау басқармасы да пікір білдірді.
«Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. 7 адам («Лексус» көлігіндегі үш ер адам мен «Паджеродағы ер адам мен үш әйел) оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта бес адамның кім екені анықталды» деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі. Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында ірі жол-көлік апатынан алты адамның қаза тапқанын хабарлаған