Олар бұл препараттардың 60 мыңнан астам қаптамасын қолдан жасаған
Алматы облысында жалған дәрі-дәрмек жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар бұл препараттардың 60 мыңнан астам қаптамасын қолдан жасаған. Жымысқы іс-әрекеттерін іске асыру үшін жерасты цехын ұйымдастырған. Жедел-іс жүргізу шарасы аясында экономикалық тергеу департаментінің мамандары заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойманың жолын кесті. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, оларға сот үкімі шықты.
«Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады. Сот үкімен 3 айыпталушы кінәлі деп танылып, оларға 5,5 жылдан 7,5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді қалалық Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Мұрат Оспанов.