Жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігін соғып кетті
massaget.kz
Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі bugin.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, бұл апат эвакуатор тас жолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.
"Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді, Талғар облысының құтқарушыларына үлкен рақмет", - делінген жазбада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52