Қаза тапқан адамның автокөлігіне снаряд түскен. 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде бір адам қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ең алдымен қаза тапқан кісінің жақын туыстары мен жарақат алғандарға көңіл айтамыз", - деді ол.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, қаза тапқан адамның автокөлігіне снаряд түскен. 31 адам медициналық мекемеге жеткізілген.
"Оның екеуі ауыр халде жатыр, қалғаны орташа және жеңіл жарақат алған", - деп мәлімдеді өңір басшысы.