Кім кінәлі: «Өзенмұнайгаз» компаниясында құбыр жарылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Өзенмұнайгаз» компаниясында құбыр жарылды. Салдарынан мұнай аралас су біраз аумаққа жайылып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

№4 мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының құрамына кіретін теңіз су құбыры да істен шыққан. Дегенмен компания «таралған су құрамында экология мен адам денсаулығына қауіп төндірер элемент жоқ» дейді. Қазір аталған жайтқа кінәлілер анықталып, ақауды жою жұмысы жалғасып жатыр.

– Ластанған жерлердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыстар аяқталған соң жарияланады, – деді Экология департаментінің бастығы Армат Жүсіпқалиев.

Оқи отырыңыз: Сібір жаарасы: Жамбыл облысында ауырып өлген мал еті сатылған

Новости партнеров