Атырауда полиция мектепке «қойылған» бомбаны таппады
vladtime.ru
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бүгін хабарлағандай, мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тәртіп сақшылары Атыраудағы мектептердің біріне «бомба қойылғаны» туралы ақпаратты тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«102» қызметіне қаладағы №27 орта мектепте бомба бар деген ақпарат кеше түскен болатын. Мектептегі барлық адам қауіпсіз жерге шығарылып, ғимарат қоршауға алынды.
Жарылғыш затты іздеуге төтенше жағдайлар департаменті, ҰҰҚД және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Мектепке жедел жәрдем көлігі келді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бүгін хабарлағандай, мектеп ғимаратынан жарылғыш зат табылмаған. Заң бойынша жалған ақпарат берген адамның жасы кәмелетке толған болса, оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41