Жамбыл облысындағы жаппай улану: оқушылар неден ұшынды

10.11.2023 00:11

Өңірдегі мектептер толық тексеріледі

Almaty TV

Балалар жаппай уланған Сарыкемер аулының мектебіндегі оқиғадан кейін Жамбыл облысындағы бүкіл білім ордасы тексеріледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тексеру жұмыстарын арнайы комиссия мамандары жүргізді. Дерекке қатысты прокуратурада тергеу бастады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, арнайы комиссия тексеруді бастады. Арнайы топтың құрамында облыстық, республикалық деңгейдегі мамандар бар. Басты міндет -  өңірдегі барлық білім ордасына тексеру жүргізу.

– Жұмыс тобының қорытындысы 10 күннен кейін шығады. Одан кейін облыс әкімі тиісті шешім қабылдайды. Барлық іске қатысы бар азаматтардың жауапкершілігі жіті қаралады. Кеше полиция тарапынан қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті, - деді Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров.

Ал санитариялық-эпидемиологиялық департаменті астан қажетті сынамалар алынып, зерханаға жолданғанын хабарлады.

– Жеке кәсіпкер Тоқсейітовке қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Хабарлама алған кезден бастап жұмысқа кірістік. Қазір бұл нысанға жоспардан тыс сараптама ұйымдастырылды, - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева.

Айта кетсек, 2 күн бұрын Сарыкемер ауылындағы мектеп-гиназияның 46 оқушысы мен 2 мұғалімінен улану белгілері анықталды. Дәрігер тексеруінен кейін 33 оқушы мен 2 мұғалім ауруханаға жатқызылды.  Ал 5 бала стационарлық ем алуда, 31жасөспірім үйіне жіберілді.

Жаппай уланы оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жауаптылардың кінәсі анықталса, олар қомақты айыппұл төлейді немесе бас бостандығы шектеліп, тіпті  түрмеге қамалуы мүмкін.

Оразай Нұртайұлы, Ильдар Гизатуллин, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Оқи отырыңыз: Мектептерде астан улану неге жиілеп кетті