|
18.05.2022 | 18:40
3420

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында шыққан өрттің себебі анықталды

Отты сөндіруге 17 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылды

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында шыққан өрттің себебі анықталды Almaty.tv

Алматының Тимирязев көшесі бойындағы спорт кешені өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

900 шаршы метр аумақтың жартысынан көбі бір сәтте күлге айналды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Ғимарат қазір жұмыс істемейді. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Тілсіз жау сағат 16:40-та тұтанған. Отты сөндіруге 17 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылып, араға 30 минут салып, жалынды тоқтатты. 

«Біз келген кезде жарылыс болған жоқ. Өрттің көлемі өте үлкен болды. Ғимаратты ұстап тұрған үлкен темірлер ортасына түскен. Өрттің температурасы өте жоғары», – деді Бостандық ауданы ТЖБ бастығы Еркебұлан Қасенов.


Қызыл жалын құрылыс барысында құбырларды дәнекерлеу кезінде тұтануы мүмкін деген болжам келтірді төтеншеліктер. Айта кету керек, спорт кешені «Атакент» саябағы ішінде орналасқан.

«Біз «Атакент» саябағында спорттық жаттығумен айналысып жатқанбыз. Бірден келдік. 5 минуттан кейін өрт сөндірушілер де келді. Біз серуендеп жүргенбіз, ешқандай қауіп төнген жоқ», – деді куәгер Қанжар Деділов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир