Алматыда ПТР сынамаларын заңсыз сатпақ болғандар анықталды
freepik.com
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда COVID-19 инфекциясын анықтайтын ПТР сынамаларын заңсыз сатпақ болғандар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел іздестіру шарасы кезінде ұсталғандар жалпы құны 33 миллион теңгеге бағаланған 7000 ПТР тестілерді саудаламақ болған. Сондай-ақ, департаменттің хабарлауынша, тексеру кезінде Қытайда шығарылған тағы 2225 ПТР сынақтары қосымша анықталып, тәркіленді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-тармағы, яғни «заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша қаралуда. Айта кету керек, COVID-19 инфекциясын анықтайтын ПТР тесттерді арнайы орындарда ғана тапсыру қажет.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52