Алматы әуежайында ұшақ апатына байланысты рейстер кешігуде

14.03.2021 00:13

Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін 87172798229 нөмірі бойынша жедел желі телефоны іске қосылды

Фото: kursiv.kz

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан, рейстер кешігуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Орын алған оқиғаға байланысты ұшу кестесінде аздаған өзгерістер бар», – деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», – деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ ахуалдық орталығы 87172798229 нөмірі бойынша жедел желі телефонын іске қосты.

Жолаушылар рейстердің мәртебесі, олардың кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады.  Байланыс орталығы сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді.