|
20.03.2023 | 19:13
3377

Ұлытау облысындағы аудан тұрғындары жолсыз қалды

Әлі бірнеше өңірде тасқын қаупі жоғары

Ұлытау облысындағы аудан тұрғындары жолсыз қалды Almaty.tv

Ұлытау облысы Жаңарқа ауданының тұрғындары жолсыз қалды. Аудан орталығы мен Қызылжар кентін жалғайтын көпірді жылда су шайып кетеді, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – қызылжарлықтардың жыл сайынғы жанайқайы. Көктем келсе болды кент тұрғындарынан маза кетеді. Аядай ауылды орталықпен жалғайтын көпір жоқ. Күнделікті қатынау үшін тұрғындар қолдан көпір салып алған. Оның өзін күн жылыған кезде су шайып кетеді екен.

«Мынау қайтыс болған кісілерді де темір жол арқылы шығарып саламыз. Пойыз келіп қалады. Амал жоқ. 2,5 ай осылай күн көреміз», – деді Қызылжар ауылының тұрғыны Файызулла Уайсұлы.

2000-ға жуық тұрғыны бар аядай ауылдың мәселесін жергілікті билік бірнеше жылдан бері шешіп бере алмаған. Құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар бізден көмек сұрады. Ауылдағы ағайынның жағдайын ТЖМ-ға айтқанымызда биыл ауылдағы жолды су басу қаупі болмайды деп сендірді. Қазір елдімекен министрлік қарауына алыныпты.

«Қайықпен құтқарушылар осындай мекен-жайларға кезекшілікке тұрады. Олар жолды жөнделгенше тұрғындарға көмек көрсетеміз», – деді ҚР ТЖМ департаментінің бастығы Оразалин Қаһарман.

Министрлік өкілі қазір елдегі 200-ден астам елдімекенді су басу қаупі сейілгенін айтты. Әлі бірнеше өңірде тасқын қаупі жоғары екен.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир