Қарағанды облысында ақбөкендерге араша түскен инспекторды өлтірген күдіктілердің фото суреттері шықты.
Еліміздің Ішкі істер министрлігі қаскөйлерге халықаралық іздеу жариялады. Егер суреттегі қашқындар туралы ақпарат білетін немесе күдіктілерді көрген жан болса, бірден сақшыларға хабарлауды сұрап отыр. Қазір оларды құрықтау шаралары жүріп жатыр.