Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір адамның денесі табылды

31.08.2021 00:18

Оның кім екені анықталып жатыр

inbusiness

Жамбыл облысында жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның кім екені анықталып жатыр.

«Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Жоғалған бір адам іздестіріліп жатыр», – делінген хабарламада.