Жамбыл облысында жасөспірім тоққа түсіп көз жұмды

pixabay.com
pixabay.com
Жантүршігерлік оқиғаны қала тұрғындарының бірі бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеп жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында тоқтап тұрған пойыз вагондарының үстіне шыққан жасөспірім тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

Жантүршігерлік оқиғаны қала тұрғындарының бірі бейнежазбаға түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Автордың айтуынша, денесі өртеніп жатқан баланы тоқ ұрыпты. Оның сөзінше, жасөспірімдердің бірі вагонның төбесіне мініп үлгерген, екіншісі өрмелей бастапты. Сол сәтте үстінде тұрған бала жоғары кернеулі тоққа тиіп, өртене бастаған. Бұл кезде екінші жеткіншекті тоқтың күші бірнеше метрге лақтырып жіберген.

Белгілі болғандай, көз жұмған жасөспірім – №33 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы. Ол бір күн бұрын досымен бірге сыныптасының үйіне қонуға барыпты. Ертесі футбол ойнау үшін үйіне соғып, спорттық киімдерін алмақшы болады. Ал жолды қысқарту үшін оқушылар теміржолды кесіп өткен. Сол кезде шойын жол желісінде тоқтап тұрған пойыз вагонының үстіне мініп, суретке түспек болады. Бірақ байқаусызда тоқ ұрып, жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кеткен.  

«Аталған дерек «Тараз стансасы» желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігімен тікелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған іс бойынша ақпарат ҚР Қылмыстық процесуалдық іс жүргізу кодексінің 201-бабының мүддесіне орай жариялауға жатпайды», – деді Тараз стансасы желілік полиция бөлімі басшысының орынбасары Аслан Дүйсембаев.

Новости партнеров