Петропавлда 10 шақты саудагер жергілікті полиция жұмысына шағымданды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Мерекелік іс-шараларда ғана жұмысымызды пайдаланып, жай уақытта керек қылмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда колөнер бұйымдарын сататын 10 шақты саудагер орталық көшеге жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың сөзінше, ашық аспан астында жұмыс істеуге рұқсаты болғанымен, полиция өкілдері кетуді талап еткен.

Бұл – қолөнер бұйымдарын өз қолдарымен жасап,  Петропавлдың орталық көшесінде сататын саудагерлер.  Олардың сөзінше, көшеде жасаған дүниелерін сатуға жыл сайын рұқсат қағазы беріліп келген. Бірақ биыл карантинге байланысты  ол мүмкін болмаған. Татьяна Елесованың саудамен айналысып жүргегіне 10 жылдан асқан. Ол даладағы сауда нүктесінде қажетті барлық санитарлық талаптарды сақтап отырмын дейді.  

«Бізге карантин ештеңе саудалауға болмайды деді. Супермаркеттерді алайық, халық көп, адамдар 20 сантиметрден бірінен соң бірі тұрады. Олар неге санитарлық нормаларлы сақтамайды?  Оларды ешкім қадағалап тексермейді.  Ал біз көшеде таза ауада тұрмыз, санитарлық нормаларды сақтаймыз. Менің жұмысым жоқ, сондықтан мен осында келдім», – деді саудагер Татьяна Елесова.

Отбасында жалғыз табыс табатын Нанар Джанус жеке кәсібін жабуға мәжбүр болғанын айтады. Сөзінше, салық төлеуге де ақшасы болмаған. Әкімдіктегілер мерекелік іс-шараларда ғана жұмысымызды пайдаланып, жай уақытта керек қылмайды, дейді.  

«Осының барлығы 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бізді қандай да бір жәрмеңкелер,қандай да бір іс-шаралар болған кезде барлық жерде шақырады. Қалаға кісілер келсе, біздің көрмеге алып келіп, шеберлерімізді көрсетеді. Бізді Солтүстік Қазақстан облысының мақтанышы деуге болады. Біз қазір карантин екенін, мемлекетте қандай қиын жағдай болып жатқанын білеміз», – деді саудагер Нанар Джанунс.

Наразы саудагерлердің мәселесін шешуге әкімдік, полиция өкілдері және қаланың бас санитар дәрігері жиналды. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары саудагерлер жұмысы тоқтатылуының себебі қарастырылып жатыр дейді.

«Кеше полицейлер рұқсат етілмеген жерде сауда жасағаны үшін ескерту шығарылды. Қазіргі уақытта олар сәйкес рұқсат қағаздары бар екенін айтады. Қазір рұқсаты  тексеріліп жатыр. Рұқсаты болатын болса, олар өз жұмысын жалғастырады», – деді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Солтүстік Қазақстан облысы бас санитарының қаулысына сәйкес тамыздың 17-сіне дейін демалыс күндері шектеу шаралары күшейеді. Өңірде азық-түлік сататын нүктелерден басқа барлық сауда базарлары  жұмыс істемейді. Саябақтардың аумағындағы сауда нүктелерінің жұмысы тоқтатылады.

Индира Ахатқызы, «Алматы» арнасы

Новости партнеров