53 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді
Теміртауда орталықтандырылған газ құбыры жарылып, салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
53 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, қабаттар арасы опырылып түскен. Өрт шықпаса да 3 пәтер бүлініп отыр. ТЖД, оқыс оқиға 5 қабатты үйдің үшінші қабатынан басталған. Апатты жерден эвакуацияланғандардың арасында балалар да бар.
«5 қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы тұтанып, салдарынан қатты жарылыс болды. Бөлмеаралық қабырғалар және плита құлаған. 3 және 4 қабаттың арасы опырылды. 12 пәтердің есік-терезелері де жартылай қирады», – деді Теміртау қалалық төтенше жағдайлар қызметі басқармасының басшысы Нұрмұхамед Интуев.