Алматылықтар әлі де болса күшейтілген карантин режимінде өмір сүріп жатыр. 20 сәуірден бастап ірі кәсіпорындар жұмысын бастағанымен әрбір жолаушы мен жүргізуішіні тексеру жұмыстары бір мезетке де тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шаһарда кімге жүруге рұқсат етілген, ал ереже бұзғандар қандай жауапқа тартылады. Біз бүгін патрульдік полицияның жұмысымен танысамыз.
Тәулік бойы тынымсыз кезекшілік атқаратын олардың жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ. Міндет – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олар Алматыдағы 27 блок-бекет пен 41 мобильді бекетте карантин кезіндегі халықтың әрлі-берлі қатынауын қадағалайды. Еш себепсіз қалада жүріп-тұруға болмайтынын бұған дейін де айтқанбыз. Десе де тәртіпке бағынбайтындар әлі де табылып жатыр.
«Қазіргі таңда 476-бап бойынша төтенше жағдай режимін бұзу жөнінде 1770 адам әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Оның ішінде 490 адам қамалса, қалған адамдарға айыппұл салынды немесе ескерту жасалынды», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.
Блок-бекеттерден бөлек, қала ішінде жұмыс істейтін мобильді жедел топтар шаhардың барлық аумақтарын, көшелерін тұтас қамтыған. Олар көліктің мемлекеттік нөмірін планшеттің көмегімен арнайы база арқылы тексеріп, жүруге рұқсаттың бар-жоғын анықтайды. Ал, қаланың тыныс-тіршілігіне қатысы бар жүк және қоғамдық көліктер арнайы жолақ арқылы өтеді. Егер көліктің карантин кезінде жүруге рұқсаты жоқ болып, еш себепсіз шықса, транспорт арнайы тұраққа жеткізіліп, жүргізушіге қомақты айып пұл салынады.
Шум:
– Қайырлы күн! Аға сержанты Алмасов. Жексенбі күні қайда бағыт алдыңыз?
– Мен жұмысқа бара жатырмын.
– Үйге жеткізу бойынша ма?
– Жоқ, мен сатушымын.
– Сіздің дүкеніңіз бар ма?
– Жоқ. Біз де жеміс-жидек дүкен еді.
– Үйде отыруға тырысыңыз. Алматыда карантин режимі енгізілген. Тек ең қажетті заттар үшін ғана сыртқа шыға аласыз.
–Жақсы.
Иә, осылай мобильдік бекетте болсын, жаяу патрульдеуде болсын қауіпті індет таралып кетпес үшін алматылық полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті жіті назарда ұстап отыр және мейілінше сақтық шараларын ұстануды әлі де болса насихаттауда. Айтпақшы, жаяу патрульдеуге күніне 500 полицей мен ұлттық ұлан сарбаздары шығады.
ШУМ:
– Полиция капитаны Карипжанов. Қайда бет алдыңыз? Құжаттарыңызды болады ма? Жақсы, рақмет. Карантин режимін бұзбауыңызды сұраймыз.
Сіз де шұғыл қажеттілік болмаса, үйде отырып әлемді алаңдатқан инфекциямен күресуге үлес қосыңыз.
Арнат Дүйсен, Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы