Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 430 заңбұзушылық анықталған

23.09.2020 01:00

Басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтамау

egemen.kz

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен жолда жүру ережелерін бұзу бойынша 430 факті анықталған. Ол туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Автобус» арнайы жедел алдын алу шарасы барысында жүргізушілер тарапынан жылдамдық режимін сақтамау, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін сақтамау секілді заңбұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде 34 автобус коммуналдық тұраққа қойылған. Бұдан басқа, техникалық ақаулары бар және пайдалану ережелерінде өзге де кемшіліктері бар көлік құралдарын жолаушы тасымалдауға шығарғаны үшін автобус және таксомоторлық парктердің 11 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.