Жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты

simferopol.city-rent.com
simferopol.city-rent.com
Жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі бағанаға соғылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы кеше түнде Сайын көшесінде болған. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай, Honda маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі бағанаға соғылған. Салдарынан темір тұлпардың сау тамтығы қалмай, ондағы 3 адам да оқиға орнында жан тапсырған.

«Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 345-бабының, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. Осы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған себеп-салдар міндетті түрде анықталатын болады. «Жол-жүру ережесін өрескел бұзуы мүмкін» деген деректі біз жоққа шығармаймыз. Жылдамдықты асыра пайдаланған болар. Осы сұрақтарға тергеу жауап береді», – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Новости партнеров