Алматының тауларында қар көшкіні екі адамды басып қалған

© Sputnik / Овчинников
© Sputnik / Овчинников
Бірі түрлі жарақат алған, екінші жәбірленушінің денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының тауларында қар көшкіні екі адамды басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы қаласының құтқару қызметі» ШЖҚ МКК баспасөз қызметі сілтеме жасап.

13 сәуірде сағат 13:17-де «109» нөміріне Алматы қаласының құтқару қызметіне «Молодежный» шыңы ауданында көшкінге екі адам түсіп кеткені туралы шақырту түсті. Алматы қаласы «109» қызметінен зардап шеккендерді іздеуге кинологтармен бірнеше топ құтқарушылар жіберілді, оның ішінде Алматы қаласы құтқару қызметінің екі тау-кен құтқару базасынан.

Алғашқы зардап шеккен адамды түрлі жарақатпен тірі тауып алды.  Оны Алматы қаласының құтқару қызметінің Ми-8 тікұшағымен «Медеу» ССК ауданына жеткізді. Одан әрі  стационарға жеткізу үшін «Апаттар медицинасы орталығының» дәрігерлеріне берілді. Біраз уақыттан кейін екінші жәбірленушінің денесі табылды.

Іздестіру-құтқару операциясына: «Тұйықсу» КСП және ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД және «Қазселденқорғау» қызметкерлері жұмылдырылды.

Алматы қаласының құтқару қызметінен 25 құтқарушы, оның ішінде 2 кинолог және іздестіру-құтқару иті, 5 арнайы техникасы мен МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды


Новости партнеров