|
Jol
06.09.2020 | 18:53
888

Өскеменде монша кешені отқа оранды

Өрт сөндірушілер келіп жеткенге шейін қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген

Өскеменде монша кешені отқа оранды  kazinform.kz

Өскемен қаласында монша кешені өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6 қыркүйек таңғы сағат 5 шамасында Затаевич көшесінде орналасқан монша кешенінен өрт шықты. Булану бөлмесіндегі жиһаз, қаптама және демалыс бөлмелері отқа оранған. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге шейін қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Ғимаратта өрт тұтанған кезде ішінде қонақтар болмаған, оқиға туралы құтқарушыларға монша әкімшісі мен күзетші хабарлаған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 8 техника мен 27 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жүйелі әрі жедел іс-әрекетінің арқасында таңғы 06:37 кезінде тілсіз жаудың беті қайтты. Қазіргі болжам бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарының апаттық режимі себеп болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир