Пойыз үстінде селфи жасамақ болған жасөспірімнің жағдайы тұрақталды

30.12.2021 00:33

Балалардың бірі оқиға орнында қаза болған еді

Пойыз төбесіне шығып суретке түспек болған жасөспірімнің жағдайы қазір бірқалыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер науқасқа тиісті медициналық көмек көрсетіліп, тоқ соғудан кейінгі шоктық симптомын емдедік деп отыр. 

Естеріңізде болса, 27 желтоқсан күні Алматы стансасындағы қабылдау-жөнелту паркінде селфи жасап жүрген екі жасөсіпрімі тоққа түсіп, оның бірі оқиға орнында қаза болған еді. Ал денесінің 60 пайызын күйік шалып, тағы біреуі ауыр жағдайда Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген болатын.


Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жасөспірім тоққа түсіп көз жұмды


«Науқас ауыр жағдайда түсті. Күйік денесінің 60 пайызын қамтыған. Ол қазір дәрігердің бақылауында», – дейді №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік шалу бөлімінің дәрігері Елдос Әлменов.