|
15.02.2023 | 19:56
2535

СҚО-да газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды

Оқыс оқиға Есіл ауданы Явленка ауылындағы газ құю бекетінде болған

СҚО-да газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды Almaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысында жанармай бекетінде газ баллоны жарылып жұмысшы 90 пайызға күйіп қалды. Жансақтау бөліміне түскен азаматтың өмірі қыл үстінде дейді дәрігерлер. Адам денсаулығына ауыр зардап тигізген жағдайға қатысты бірден қылмыстіқ іс қозғалды. Қатты күйік шалған 42 жастағы жұмысшы бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатқандарын айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Науқас үшінші дәрежедегі күйікпен шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы қаладағы ауруханаға тасымалдауға келмейді. Қазіргі уақытта халі өте нашар. Науқас облыстық мамандардың бақылауында. Оның өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде”, – дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Құмар Күсемісов.

Оқыс оқиға Есіл ауданы Явленка ауылындағы газ құю бекетінде болған. Жұмысшы 5 литрлік баллонды көшеден алып кіріп, жылу батареясының жанына қойған. Төтеншеліктердің айтуынша, апаттың себебі қызметкерлердің қауіпсіздік ережесін сақтамауынан туындаған.

“Жанармай құю станциясының қызметкері операторлық газ баллонын үй-жайға әкеліп, оны оператор бөлмесіне, жылыту батареясының жанына қойған. Газ-ауа қоспасының одан әрі тұтануымен герметизация болды. Оқиға орнында бірден өрт шықты”, – дейді Есіл ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин.

Былтырғы жылмен салыстырғанда Есіл ауданында өрт саны 30 пайызға өскен. Материалдық шығынның жалпы сомасы 6 миллион 700 мың теңге. Тілсіз жаудан 3 адам көз жұмған. Ал, облыс бойынша жыл басынан бері 62 қызыл жалын тіркеліпті. Салдарынан сегіз адам мерт болған.

Нұргүл Алина, Жұлдызбек Ермұқанов, «Алматы» телеарнасы, СҚО-нан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир