Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны 9-ға жетті. Көз жұмғандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар. Сонымен қатар, алапат өртті өшіруге қатысқан екі адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспсөз қызметі хабарлады. Қазір оқиға орнынан Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын тікелей байланысқа шығып соңғы ақпараттармен бөлісуге дайын.
- Ұлағат, жағдай қалай болып жатыр? Сөз өзіңде
- Жарылыс болған әскери қойма осы жерден шамамен бір шақырым жерде орналасқан. Апат болған жерге қазір тәртіп сақшылары ешкімді аттап бастырмайды. Кеше кешкісін тұтанған өрт қазір де сөнген жоқ деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Қоймадан таңертең будақтаған түтінді байқап едік. Қазір түтін басылған.
«Жамбыл облысындағы әскери бөлімшеде орын алған жарылыс салдарынан 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖ министрлігінің де қызметкерлері бар. Оның ішінде әскери күзет, әскери прокоратура қызметкерлері де бар. Қазіргі таңда тағы 2 адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Ал, мына ғимараттарға қарап, апат зардабының қатты болғанын байқауға болады. Өздеріңіз көргендей, жол бойындағы дәмхана мен дүкендер қатты қираған. Бұл жердің қожайынының айтуынша, осыдан бір ай бұрын ғана күрделі жөндеу жүргізіп, жұмысын бастаған екен. Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жарылыстан зардап шеккен бизнес нысан иелерін шұғыл желіге хабарласуды сұрайды. Ал, облыс әкімі қазір жарылыс болған Байзақ ауылында қауіптің толық сейілгеніне сенімді. Тұрғындардың үйлерне оралып, мал-жайларына қарайласуына болады дейді.
«Бұл Тараз қаласының орталығында орналасқан колледж. Кеше түнде зардап шеккен ауыл тұрғындары осында жеткізілген. Оқу орны басшылығының айтуынша, түнгі сағат 02.00-ге дейін 70-ке жуық адам келген. Бүгін таң ертең олардың жартысынан көбі қайтадан үйіне кетіпті. Қазір мұнда 26 адам бар. Ал, бір жағадан бас, жеңнен қол шығарып жүрген жомарт жандар мен еріктілер мұнда қажетті тағамдар мен киім-кешектерді әкелуде. Барынша сабырға шақырып, қолдан келген көмектерін жасап жатыр», – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
«Жарылыс болғаннан кейін қорқып, осы жаққа алып келді. Ауыл әкімшілігі бізді осы жаққа эвакуациялады. Жарылыс күшті болды. Енді сабыр сақтаңдар деп сабырлыққа сақтап жатыр», – деді Байзақ ауданының тұрғыны Ақлес Тастайбекова.
«Мына үйіміз сілкінді жарылыс кезінде. Есіктер кәдімгі сілкініп. Далаға шықсақ эвакуация болады деп хабарлап жатыр екен. Кейін көршілерімізбен жолға шықтық. Жолдағы тоқтаған көліктерге мініп, келе салдық», – деді Байзақ ауданының тұрғыны Жұлдыз Көптілеуова.
Ал, Қорғаныс министрі бүгінгі брифингте бұл əскери бөлімде оқ дəрілердің сақталғанын айтқан еді. Олардың бір бөлігі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан жеткізілгенін растады.
Өздеріңіз көргендей, қазір жарылыс болған аймақты облыс əкімнен бастап министрлік өкілдері жəне вице-премьер Роман Скляр аймақты көріп келіп бақылап кетті. Жағдайды толығымен бақылауда ұстайтынын айтып, зардап шеккен əрбір тұрғын үкімет қолдауынан тыс қалмайтынын жеткізді. Қайрат, мендегі ақпарат осы.
- Рахмет. бізбен Жамбыл облысынан тікелей байланысқа шыққан әріптесім Ұлағат Арғын болатын.