Жамбылдағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі Мәжіліс депутатының ескертпелерін ескермеген бе

Әскери қоймалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін көп көңіл мен қаражат бөлініп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әскери қоймалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін көп көңіл мен қаражат бөлініп жатыр. Алайда қордаланған мәселені бір күнде шешу мүмкін емес. Парламент Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан осылай дейді. Айтуынша, оқиға орын алған әскери қоймада жұмыс сапарымен бұған дейін барғанда бірқатар проблеманы байқаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жалпы біз соңғы рет болғанда бұл қоймада өзінше бір кішігірім болса да, талап бұзушылықты көргенбіз. Оны баяндамамызда жазып, тексерткенбіз. Қорғаныс министрлігі бұл мәселенің барлығын тез арада жоятынын, осы қауіпсіздік мәселесі үстінде жұмыс істеп жатқанын баяндап айтқан болатын... Жалпы халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ұсыныстар беріп, жұмыс жасаған болатынбыз. Қазір енді  сол  болған жерге барып көрмекпін», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан.

Ал, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Мұхтар Ерман мәселені жіті зерттеу керек дейді. Өйткені әр оқиғаның өз себебі болатынын айтады. Оның сөзінше, Заңнамалық тұрғыда бізде барлығы реттелген. Арыстағы жағдайдан кейін Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен бірнеше Заңға өзгерістер де енгізілген.

«Өкінішке қарай,  өте маңызды құжат қоймалардың айналасындағы тиым салу, аймақтарды белгілеу жөнінде. Ол екі айдың ішінде шығу керек еді. Бірақ екі айдың ішінде емес, биыл жылдың басында Үкіметпен ережелер бекітілген болатын. Екінші мәселе жергілікті атқару органдары да жақсы жұмыс істеу керек. Өйткені біраз зиян, басқалары бар, шығын бар. Бірақ бір нәрсені түсіну керек. Қойманың басшысы, қойманың айналасындағы жерге ие емес. Ол жерге рұқсат еберетін әскерилер емес, рұқсат беретін жергілікті әкімдер. Біз осы мәселеге де назар аудару керек», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Мұхтар Ерман.  

Новости партнеров