Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында елшілік қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
«10 қаңтарда «Ақжол-Қордай» мемлекеттік шекара нүктесінде Қырғыстан аумағында Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің қызметкері қатысқан оқиға болғанын растаймыз», - делінген ресми мәлімдемеде.
Қазіргі таңда қырғыз тарапымен келіссөздер жүргізілуде екен.
Бұған дейін қырғыздық БАҚ өкілдері елшілік Қырғызстанның ҚК-не сәйкес заңды бұзған азаматшаны жасырып отырғанын мәлімдеген. Олардың хабарлауынша елшіліктегілер қазақстандық азаматшаны қызметтік көлікке отырғызып Қырғызстан аумағынан шығармақшы болған.