Шымкентте оқыс оқиға: балабақшаның 4 тәрбиеленушісі мен тәрбиеші уланып қалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жауапты мекеме көгілдір газды тек бір ғана су жылытқыш қондырғысы мен газ плитасын орнатуға рұқсат берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Қазақстанда оқыс жағдай! Шымкентте өз ісіне немқұрайлы қараған кәсіпкердің кесірінен бала бақшадағы жеткіншектер мен тәрбиеші көгілдір газбен уланып қалған. Олар шұғыл арада ауруханаға жатқызылыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

4 бала мен тәрбиеленушінің жағдайлары орташа ауыр деп бағаланған.

«Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Бір бала мен тәрбиелеуші, яғни, екі науқас ауруханаға жатқызылды. Ал үш бала үйіне қайтарылды. Жағдайлары қанағаттанарлық», – деді дәрігер ЖАНАР ЖҰРЫМБАЕВА.

Бұл балабақша 2018 жылдан бастап жұмысқа кіріскен. Сол кезде жауапты мекеме көгілдір газды тек бір ғана су жылытқыш қондырғысы мен газ плитасын орнатуға рұқсат берген екен. Алайда балабақша иесі қауіпсіздік ережесіне селқостық танытып, қауіпті құрылғыларды қос-қостап жалғап алған көрінеді.

«Тексерулерге байланысты қосымша су жылытатын колонкасы рұқсатсыз орнатылғаны анықталды», – деді Шымкент қаласы бойынша ТЖД басшысы Нұрболат ДЕРБІСОВ.

Мамандардың сөзінше, бөбекжайда бұрын да жоспардан тыс тексерістер жүргізілген. Ол кезде де бірнеше заңбұзушылықтар анықталған екен. Тіпті әккі кәсіпкерге қатаң ескерту беріліпті. Қазір мектепке дейінгі мекеме көгілдір отыннан толық ажыратылды.

«Әлгі олқылықтардың бәрін орнына келтірмей, біз оны қоспаймыз. Біраз уақыт береміз. Ол бізге келіп өтініш жазуы керек, жаңадан техшарттар алу керек. Соған сәйкес бәрін жөндеп, жасау керек. Содан кейін біз оның бәрін тексереміз. Егер бәрі орнымен істелге болған жағдайда сол кезде ғана біз оған қосып беретін мүмкіндік бар», – деді қалалық газ компанисы директорының бірінші орынбасары Ақаш МИЯТБЕК.

Біз балабақша меңгерушісінен жауап алуға тырысқан едік. Алайда мекеме басшылары ғимаратты ішінен құлыптап алып, сыртқа шығуға құлық танытпады. Балабақшада бүгінде 94 бала тәрбиенеді. Енді жағдай оңалмайынша, балалар мекеменің ашылуын күтулеріне тура келеді.

Назкен Еркін, «Алматы» телеарнасы, Шымкент

Новости партнеров