Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың тағы бір кітабы жарық көрді. «Өркениеттің адасуы» деп аталатын жаңа туындыда автор өзінің екі романын кірістірген. Олар орыс тілінде жазылған. Баспадан 15 мың данамен басылып шықты. Алматы әкімдігінің әдебиет саласына ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Кітап тұсаукесеріне қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров арнайы қатысып, авторды жеке құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақынның бүгінгі шығармасы әлемнің 200-ге жуық тілдеріне аударылыпты. Осы шығармасы үшін шетелден 120 мемлекеттің сый-сыйапаты тапсырылды. Соның бірі де бірегейі – Нобель сыйлығының алтын медалі.
«Бұл шығарма ЮНЕСКО-ның екі рет қарауында болып, әлемдік деңгейде ең биік поэзия деп таныды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев азамттық мінез танытып, мына кітабымды шығарып беріп отыр», - деді Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар ШАХАНОВ.
Ақынның шығармашылық кешіне келген әріптестері мен замандастары тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлкетте де оған көрсетілетін сыйдың бөлек екенін айтады. Оның шығармалары 25-тен астам шет мемлекеттің мектеп әдебиетіне енген. Германияда Шаханов туралы 400-тен астам мақала шыққан. Жапонияда 6 млн тиражбен шығатын газетке шығармалары жарияланыпты. Айта кетейік, жыл сайын халықаралық Шаханов оқулары өткізіледі.
«Шаханов – қалам ұстаған талай қаламгерлерді тәрбиелеген адам. Бала кезімізден Мұқаңның шығармаларын жастап оқыдық, өлеңдерін жаттап өстік. Мұқаң біздің рухани жан дүниемізбен тұтасып кеткен ұлы тұлға», - деді ақын Бауыржан ЖАҚЫП.