|
23.04.2020 | 19:41
1428

СҚО-да төтенше жағдайды пайдаланып пара алғандар ұсталды

Қазір екі азаматқа да Қылмыстық кодекстің «пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған

СҚО-да төтенше жағдайды пайдаланып пара алғандар ұсталды turkystan.kz

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық полицей мен қала әкімдігінің өкілі елдегі төтенше жағдайды пайдаланып тұрғындардан пара алған үшін ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицей карантин кезінде кедергісіз жүру үшін 1 миллион 300 мың теңге пара алды деген күдікке  ілінсе, әкімдік өкілі қала сыртындағы блок-бекеттен кедергісіз өтуге рұқсат қағазын жасаған үшін 50 мың теңге алды деп айыпталып отыр.  Қазір екі азаматқа да Қылмыстық кодекстің «пара алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта пара алған күдікті үй қамағына алынды. ҚР ҚК-нің пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Негізінен ол белгілі бір азаматтарға  осы ақша қаражаты  үшін карантиндік блок-бекеттен кедергісіз өтуге рұқсат қағазын беру үшін осы пара алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында қылмысы әшкереленіп, ұсталды. Бірақ кейін ұй қамағына алу бойынша бұлтартпау шарасы қабылданды», – деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАХИН.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир