Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам қайтыс болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қайғылы жағдай кеше кешкі сағат 19.00 шамасында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте көпқабатты үйден өрт шығып, бір адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай кеше кешкі сағат 19.00 шамасында орын алған. Төтеншеліктердің  болжамынша, қызыл жалын майшамның кесірінен тұтанған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, қаза болған адам өртке дейін өлген болуы мүмкін деген де жорамал бар. Себебі жартылай ғана күйген мәйіттің денесінен зорлық белгілері анықталыпты. Қазіргі таңда іс тергеліп жатыр.

«Пәтердің жалпы көлемі 35 шарты метр. Толық жанды. Болжам бойынша ашық өртті. Үйде жарық болмаған. Майшам жанып тұрған деген куәгерлер сөзі бар», – деді қалалық ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Ал, көршілердің айтуынша қаза болған ер кісі бейтаныс әйелмен бірге тұрған. Алайда үнемі ұрыс-керісті еститінін айтады. Өрт бір емес бірнеше пәтерді зақымдап кеткен.

«Газ атылатын шығар деп заттардың бәрін тастап кеттік. Алтын бар ма, киім бар ма заттың бәрі. Далада жүрсем, екінші этажы жанып жатыр. Бір сағаттан кейін өрт сөндірушілер келді. Кірейік десек кіргізбейді. Е, зат алмадық. Е, киім алмадық. Бәрі қалды өртеніп. Біздің баратын жеріміз жоқ», – деді қала тұрғыны Марина Қожабергенова.

Новости партнеров