Жер сілкінісі: Мароккоға шетелдік құтқарушылар көмекке барды

12.09.2023 00:47

Қаза тапқандардың саны 2 мыңнан асқан

reuters.com

Жер сілкінісінен зардап шеккен Мароккоға шетелдік құтқарушылар көмекке барды. Қазір онда Испаниядан жеткен 86 адам мен 8 қызметтік ит жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ Катардағы Әл-Удейд әуе базасынан тағы бір гуманитарлық ұшақ ұшқан. Марокко үкіметі Ұлыбритания, Испания, Катар және БАӘ-нің көмегін қабылдаған. Шетел баспасөзінің мәліметінше, жер сілкінісінен жапа шеккен елге АҚШ, Франция мен Израиль жәрдем ұсынған.

Айта кетейік, Мароккода 6,9 магнитудалы зілзала болған еді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандардың саны 2 мыңнан асқан.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда ірі сауда орталығынан өрт шықты