Алматыда көше бойында өртке оранған жолаушылар автобусына қатысты төтеншеліктер мәлімдеме жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Абырой болғанда, жүргізуші жолаушыларды қоғамдық көліктің салонынан дер кезінде шығарып үлгерген еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тура көше бойында өртке оранған жолаушылар автобусына қатысты төтеншеліктер мәлімдеме жасады, деп хабаралайды Almaty.tv.

№45-бағытпен қатынайтын қоғамдық көліктің лапылдауына газ-отын жүйесіндегі ақаулық себеп дейді мамандар. Естеріңізге сала кетсек,  «Алматыэлектротранс» компаниясына тиесілі жолаушылар көлігіндегі өрт 4 маусымда Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында орын алған. Абырой болғанда, жүргізуші жолаушыларды қоғамдық көліктің салонынан дер кезінде шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған.

«Аталған өрт газбен қамтылған қозғалтқыш жүйесінің істен шығуы салдарынан орын алған. Бұл жағдайда жүргізуші мотор бөлігі жана бастағанда дер кезінде салоннан 6 жолаушыны шығарып үлгерді. Ал, осылай қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне негізгі себеп – өрттің жай-күйін басқарушы ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар тарапынан бақылаудың аздығы, өрт режимінің сақталмауы мен қауіпсіздік талаптарын орындамау деп санаймыз», – деді қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов.

Сондай-ақ, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі осы жылдың 20 мамыры мен 5 маусымы аралығында болған басқа да ірі өрт оқиғаларының шығу себептерін хабарлады. Оқыс оқиғалардың көбі электр сымдарының тұйықталуы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болған. Бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Жалпы, карантин кезінде барлығы бір жарым мыңнан астам құтқарушы мен 287 бірлік арнайы техника қызметін атқарудың ерекше тәртібіне көшірілген.

Новости партнеров